Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеу бойынша тергеу материалдары жариялануы мүмкін

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметтің баспасөз-конференциясында Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеу туралы мәлімет келтірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Қанат Бозымбаев Ақтау маңында құлаған ұшақты зерттеу криминалды сипатта емес, авиациялық оқиғаны зерттеу бағытында орын алуда екенін айтты.


"Қазіргі таңда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары бойынша авиациялық оқиғанының мән-жайын зерттеу жүргізілуде. 17-18 маман, оның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Бразилия мен ИКАО мамандары белсенді. Олар қара жәшіктерді ашып оқумен айналысуда. Ашып жазу жасалды. Жермен байланыс, ұшу режімдері мен пилоттардың өзара сөйлесуін де зерттеу жүргізіледі. Келесі аптада жазбалардың алдын ала қорытындысын жариялаймыз деп үміттеніп отырмыз",  – деді Премьер-министр орынбасары.

Әділет министрлігі сот сараптамасы қажетті жұмысты жүргізуде екені айтылды. Қайтыс болғандардың туысқандары олардың дауысын танып, зардап шеккендер екенін растау керек.


Нәтижені ҚР Көлік министрлігі жариялайды.