Ақтаудағы ұшақтың қирауы бойынша ИКАО бюросы директорымен кездесу өтті

Фото: ҚР Премьер-министрі сайты

Қазақстан Республикасы вице-премьері Қанат Бозымбаев ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.


Қанат Бозымбаев ИКАО өкілдеріне тұрақты қолдауы үшін ризашылық білдірді. Тәуелсіз сарапшы Тормодур Тормодссонның Azerbaijan Airlines ұшағы құлаған жерге жедел жіберілгені үшін алғыс білдірді.


Кездесу барысында Николя Ралло Қазақстанда қысқа мерзім ішінде дайындалған және жарияланған «Azerbaijan Airlines» ұшағының қирауы туралы алдын ала есепті жоғары бағалады.