Ақтаулық ауруды басатын дәрінің орнына елге есірткі алып кірген
Фото: Pexels
Ақтаулық тұрғын Ресейдегі сапарында досынан ауруды басатын дәрі сұрағанын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Диапазонға сілтеме жасап.
"Алимбет" өткізу пунктінде көлікті тоқтату барысында 5 морфин ампуласы табылған. Шекарадан есірткі өткізгені үшін және сақтағаны үшін күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті морфинді есірткі екенін білмегенін айтты. Ресейлік Гай қаласында досынан ауруды басатын дәрі сұрағанын келтірді. Омыртқасы ауырған соң, ол сөмкесіне бұл ампулаларды салып қоюды өтінген.
Морфин елде медицинада ғана қолданғандықтан, оны заңсыз өткізу заңмен жазаланады. Айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.