Ақтаулық мектепте оқушы  туберкулез плверитімен ауырып қалды

Фото: Pexels

Ақтау қаласы, 29 шағын ауданында орналасқан жалпы орта мектеп  оқушысына туберкулез плевриті диагнозы қойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


2008 жылғы жоғарғы сынып оқушысы екінші тоқсаннан бастап мектепке келмеген. Ауруханада жатып, емделген. Оған тек 25 қараша күні диагноз қойылды. Туберкулез плевриті дертімен күресуде.


Ақтау қаласы білім беру бөлімі оқушының сыныптастары мен ұстаздары флюроографиядан өткенін мәлімдеді. Ешқайсында дерт белгілері байқалмады.