Ақтаулық оқушылар мал жаюға көмек беретін дрон ойлап тапты

Фото: Freepik
Ақтаулық оқушылар мал жаюға арналған арнайы ултрадыбыстық технологиясы бар дронды ойлап тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24 KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Дрон тек қана жайылып жүрген малды бақылап қана қоймай, оны арнайы ультрадыбыc арқылы керек бағытта бұрып отырады. Қалып қойған малды тауып, қораға кіргізеді. Өздігімен қуат алады, яғни қуат көзіне қосудың қажеті жоқ.
Құрылғы 9 ай бойы құрастырылған. Оны жасап шығарған Мадина Абдулла мен Артем Ахметханов дронды мал өсірумен айналысатын шаруашылық қожалығында сынақтан өткізуде. Өз сөздерінде, бұл мал ұрлығын алдын алу үшін және ірі қараны іздеуге кеткен малшылардың жоғалып кетпеуін алдын алу үшін жасалғанын айтады.
«Бұл жүйе адамның қатысуынсыз автономды жұмыс істейді. Ультрадыбыс жануарды қорқытып, керек бағытта айдайды», –
Оқушылар Қытайда өткен сайыста өз туындысын көрсетіп, 2-ші орын иеленді.