Актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді

Ермек Шынболатов келіншегімен фото на taspanews.kz от 02 октября 2024 15:16
Фото: Видеодан скриншот youtube.com/ntkentertainment

«Дәстүр» фильмі арқылы танылған қазақстандық актер Ермек Шынболатов отау құрды. Бұл туралы Taspanews.kz «Revue news» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


Жақында Ақбота Сейітмағанбетпен түскен видеосы желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, көпшіліктің сынына қалған актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді.


Оның таңдауы шымкенттік Гүлбала есімді аруға түсті. Ермек 18 жастағы бойжеткенмен 7 ай кездесіп, шаңырақ құрғанын айтты.


«Тойды өз күшіммен және достарымның қолдауымен жасадым. Ең жақын деген 350 адамның басын қостым. Осы мауысымдағы табысымның барлығы тойға кетті. Сүйіктіммен кездесу үшін 15 күн сайын ұшаққа билет алып баратынмын. 2-3 күн кездесіп, қайтадан ұшып кететінмін. Бас-аяғы тойға дейін 17 рет кездестік. Ол мені баурап алды. Көзім көрді, жүрегім сезді. Қалыңмалға 4 млн теңге бердім», – деді актер.


Пост из социальной сети

Одан бөлек актер желіні шулатқан видео туралы да пікір білдірді. Оның сөзінше, видео қызбен таныспай тұрып түсірілген. Ал «видеоның қазір ғана шығуы жаңа фильмнің тұсаукесері 10 қазан күніне жоспарланғаннан болды» дейді.  


Следите за новостями Taspanews