Ақтөбе қаласында бала әткеншектен құлап қайтыс болды

Фото: Мой город

Ақтөбе қаласы,  Есет батыр ауданы маңында балаларға арналған алаңдағы әткеншектен бала ұшып кетіп, жерге құлаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау басқармасы баланың 9 жасар екендігін және ес-түссіз күйде жерде жатқанын хабарлады. Жанындағы адамдар оған тікелей емес жүрек массажы арқылы көмектесуге тырысқан.


Дәрігерлер оған көмек көрсетпек болып, реанимация жасағанмен, нәтижесіз.


"Диагнозы – ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің негізінің сынуы, мойын омыртқасының жабық сынуы, қабырғаның жабық сынуы және 103 келгенге дейін жүректің тікелей емес массажы салдарынан пневмоторакс, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.


Полиция департаменті оқиға ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігі бойынша "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" аясында қарастырылып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары іске асып жатқанын мәлімдеді,