Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді

P фото на taspanews.kz от 27 марта 2025 19:35
Фото: Pexels

2025 жылы 27 наурыз күні сағат 18:00-де еріген қар сулары салдарынан 3 республикалық маңызы бар жолдарында қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.


Жол шектелген учаскелер:


Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» жолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы);


Қостанай облысындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап жердегі Мариновка ауылына жақын өңір (Ресеймен шекара);


Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) жолдағы көлік қозғалысы шектеледі.


Следите за новостями Taspanews