Ақтөбе облысында 300 дозадан астам синтетикалық есірткі орман алқабынан табылған
Фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысында есірткі қылмысын тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыскер есірткі сақтау орнымен бөлісті – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы полициясы мен ҰҚКД қызметкерлері салмағы 119 граммнан асатын мефедрон тапқан. Оны Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан кезде әшкерелеген. Тінту кезінде ұнтақ зат, полиэтилен пакет пен 100 zip-пакет табылды. Сараптама нәтижесінде есірткі затының мефедрон екені анықталды.
Тергеу қысымынан қылмыскер орман алқабында жасырылған 25 жана ұнтақ заттың барын айтқан. Онда 300 доза синтетикалық есірткі табылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторында. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша тергеу-тексеру жүзеге асуда.