Ақтөбе облысында 5 миллион теңге бопсалаушы ұсталды

Фото: Pexels

Ақтөбе облысында ақша бопсалаушы қылмыс кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


3 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталған Хромтау тұрғыны жалпы соммасы 5 миллион теңге бопсалаған. Бұл жәбірленуші туралы жалған ақпаратты таратумен қорқыту арқылы жүзеге асты.


Қылмыскердің телефоны мен  арам  ақшасы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.