Ақтөбе облысында 8-сынып оқушысының абайсызда қаза болуы бойынша сот отырысы өтті

Freepik фото на taspanews.kz от 06 декабря 2024 18:18
Фото: Freepik

Ақтөбе облысының Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттері 8 сынып оқушыларын ұрып-соққаннан бала мерт болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық соттарға сілтеме жасап.


2 курс студенті Қ. аталған оқу орнының 8-сынып оқушыларын жинап, тәртіптері мен спорттағы нәтижелерінің нашарлауы бойынша, құзыреті болмаса да, жиналыс өткізген. Осы жиналыста балаларды Ж-мен бірігіп ұрып-соққан. Нәтижесінде, бірнеше шапалақ соққы алған Ә. Кейіннен кеуде қуысынан жарақат алды. Оны Қ. Тізесімен теуіп жіберген.


Ә. Арқасына құлап, қаза болды.


Іс бойынша Қ. Және Ж. Жауапқа тартылды. Күнәлары дәлелденді.


“Сот үкімімен сотталушы Қ. кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал сотталушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап қоюшы Қ-ның азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.”, – Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Следите за новостями Taspanews