Ақтөбе облысында алаяқ пәтерді бір күнге жалдап, ары қарай тапсырып жіберген
Фото: Pexels
Ақтөбе облысындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде аляқтық орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Үйді бір күнге алып, ары қарай келесі адамға 110 мың теңгеге тапсырып жіберген адамға арыз түскен. Бұл ақпарат тергеу-тексеру барысынан белгілі.
Полиция департаменті тұрғын жай иесінен үй құжаттарын сұрап, қожайын аты-жөнін көріп алуға кеңес береді.