Ақтөбе облысында балалар қараусыз жүзіп кетті

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақтөбе облысында балалармен су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандармен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндірме әңгіме өткізілді. Балаларға осы ережелерді сақтаудың маңыздылығы интерактивті сұрақ-жауап формасы арқылы түсіндірілді.


Маусымның 4-і мен 6-сы аралығында облыста жүргізілген рейдтер барысында балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсу фактілері анықталды. Полицейлермен бірге тәртіп бұзушылардың ата-аналары шақырылды: ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 7 хаттама және 412-бабы бойынша 3 хаттама толтырылды.


Төтенше жағдайлар департаменті балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауды және ересектердің еріп жүруінсіз суға түсуге рұқсат бермеуді қатаң түрде ұсынады. Негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.