Ақтөбе облысында есірткі жарнамасы көше қабырғасында бейнеленген
Фото: Polisia
Ақтөбе облысында “Учаске” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында бақылау жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПБ №4 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Азамат Елубаев осы іс-шара барысында өз учаскесінде граффити тауып алған. Оның сипаты - есірткі затын жарнамалауда болды.
Нәтижесінде, полиция жасағыны заңсыз сурет үстін басқа бояумен бояды.