Ақтөбе облысында мас жүргізуші қайта ұсталды
Фото: Polisia.kz
24 қыркүйекте Заречный ауылындағы М. Бабажанов көшесінде бұрынғы заң бұзушы қайта ұсталды, - деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері сағат 04:00 шамасында ВАЗ-2199-ны тоқтатып, 31 жасар жүргізушінің мас екенін анықтады.
Медициналық сараптама мұны растады.
Ол үш ай бұрын ғана сот шешімімен сегіз жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылған. Бұл жолы көлігі айыппұл тұрағына жіберілді.