Ақтөбе облысында мектеп бухгалтері мемлекеттік ақшаны заңсыз иемденген
Фото: Pexels
Мектепке бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепші бойынша тергеп-тексеру аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақтөбе Облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Жалақыны белгіленген сомадан көбірек аудару, еңбек демалысын екі еселеп есептеу секілді айлалармен ол 2019-2024 жылдар аралығында 230 млн теңге қаражат заңсыз иемденген.
Ақтөбе қаласының №2 сотында оның ісі ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) қарастырылды.
“24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды”,