Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер екі қойды құтқарды

Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер екі қойды құтқарды фото на taspanews.kz от 05 августа 2024 09:40
Фото: Midjourney

5 тамыз күні таңертең Шалқар ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында 40 шаршы метр аумақта шаруашылық қора-жай өртенді,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап. Екі қой түтінді сарайда қалған.


Өрт сөндірушілер үй жануарларын шығарып, өртті сөндірді.


Жалынның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, өрттің себебі анықталуда.


Следите за новостями Taspanews