Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер екі қойды құтқарды

Фото: Midjourney

5 тамыз күні таңертең Шалқар ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында 40 шаршы метр аумақта шаруашылық қора-жай өртенді,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап. Екі қой түтінді сарайда қалған.


Өрт сөндірушілер үй жануарларын шығарып, өртті сөндірді.


Жалынның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, өрттің себебі анықталуда.