Ақтөбе облысында полиция қызметкері ерлі-зайыптыны көлікпен қағып өлтірді

Фото: pexels.com

Жол апатынан адам қайтыс болғаны туралы ақпарат алдымен желіде тарады.  34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізіп, рөлге ие бола алмай, 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыны қағып кеткен. Бұл туралы 31 арнадағы «Информбюро» бағдарламасы хабарлайды.


Тәртіп сақшысы алғашында оқиға орнынан қашпақ болғанымен, кейін өз еркімен берілген.


Ақтөбе облысты полиция департаменті аталған деректі растап, полицейдің ұсталғанын айтты.


«Қызметтік тексеріс жүргізіліп, жеті қызметкер жұмысынан кетті. Олардың арасында тікелей басшылар да лауазымдарынан босатылды», – делінген хабарламада.


Полиция қызметкері ерлі-зайыптыны көлікпен қағып, мерт қылды