Ақтөбе облысында студент есірткі дайындап, куәгерді қаза еткен

Pexels фото на taspanews.kz от 17 декабря 2024 09:25
Фото: Pexels

Атыраулық студент М. Ақтөбеде химия саласындағы білімін пайдаланып, есірткі дайындап, сатуды көздеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақ жайыққа сілтеме жасап.


Тергеу ақпаратына сай, Ақтөбеде студент-стоматолог,  IT мектептің оқытушысы Д.-мен бірігіп, 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін жабық ғимаратта синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқан. Д. Мен М. туысқандар болып шықты. Мефедронды дайындап, табыс тауып отырған екі ағайынды бұл ісі туралы біліп қойған жергілікті тұрғынды да қаза қылғаны сотта ауырлататын жағдай болып есептелінеді.


Бұл іс Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралуда.


Следите за новостями Taspanews