Ақтөбе облысында су тасқынын алдын алу жұмыстары жүргізілуде

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 18 марта 2025 22:31
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе облысы Ойыл ауылында уақытша үйінді көпірде жол төсемінің үйіндісін нығайту мен ұзарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


ТЖМ әскери бөлімі қызметкерлері, ТЖД, полиция және ЖАО қызметкерлері халықты жүзу құралдары арқылы тасымалдауда. Елді мекенге су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Өзеннің су деңгейі төмендеуде.


Облыс бойынша 4 880 текше метр қар шығарылды, 66 304 текше метр су сорылды, 7 770 дана қапшықтар төселді.


Следите за новостями Taspanews