Ақтөбе облысындағы әлеуметтік нысандарға бүгін жылу беріледі

Фото: Freepic

Ақтөбе облысында әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілер дайындығы аяқталуға шақ, – деп хабарлайды Taspanews.kz Облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Әлеуметтік нысандарға жылу бүгін берілсе, тұрғын үйлер 15 қазанда жылытылмақ. 


"Биыл жылыту маусымында халық қажеттілігіне керекті 21500 тонна көмірдің 9233 тоннасы немесе 43% өңірге жеткізілді. Тағы 11 вагон көмір жақын күндері жеткізіледі. Қазіргі таңда 41-разъезде 3000 тонна көмір бар", – Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев

Бюджеттік ұйымдар үшін 26 738,9 тонна көмір және 1 622,3 тонна дизель жеткізілді.