Ақтөбе облысындағы аурухана ақылы медициналық қызмет құнын негізсіз арттырған

Pexels фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 12:07
Фото: Pexels

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында прокуратура денсаулық саласындағы құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.


Аурухана көлік басқаруға рұқсат алу – №073/е анықтамасы мен медициналық-кәсіби-консультациялық қорытынды алу – №075/е анықтамасын 7 705 теңгеден дайындаған, ал қару ұстауға рұқсат алу №076/е анықтамасы 9 405 теңге болған.


Қызмет бағасына қосымша медициналық қызметтер негізсіз енгізілген. Аурухана тиісті диагностикалық жабдықпен қамтылмаған соң6 науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр болған.


«Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді. Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған. Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды» – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews