Ақтөбе облысындағы айналма жолды су басты

Фото: ҚазАвтоЖол

2025 жылы 18 наурыз таңғы сағат 07:00-де Ақтөбе облысындағы "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы, Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.


Тасқынның ұзындығы 100 метрді, биіктігі 50 см құрады. Көпір арқылы жүретін көлік қоғалысы шектелді. Жаяу жүргіншілер үшін жол ашық.


«Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген ресми ақпаратта.