Ақтөбе облысындағы тас жолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Pexels
13 желтоқсанда Ақтөбе облысында ауа-райының күрт бұзылуына байланысты республикалық Самара-Ташкент тас жолының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Автожолдың 516-710 шақырымында жүк және қоғамдық көліктер уақытша жүре алмайды. Жоспар бойынша, жол 14 желтоқсан күні, сағат 07:00-де ашылады.