Ақтөбе облысының 80 балабақшасына кәсіпкерлерлер азық-түлікті жоғары бағамен жеткізген

Depositphotos фото на taspanews.kz от 17 января 2025 10:50
Фото: Depositphotos

Ақтөбенің 80 балабақшаларына қарақұмық, картоп, сәбіз, қант, жұмыртқа мен тұз үстеме бағаның қосылуы арқылы сатылған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚМА сілтеме жасап.


Осындай жағдайлардың бірінде қарақұмықтың бағасы 500%-дан астам етіп көтерілген.


«Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді», – Қаржы мониторингі агенттігі.

Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігінің тексеруінен кейін азық-түлік бағасы төмендетілді.


Қостанай облысының мемлекеттік мекемелерінде 60 млн теңге, Астана мен Қарағандының 175 балабақшасында 100 млн теңге қаржы үнемделді.


«ҚМА мемлекеттік мекемелер өнім өндірушілерден және ірі көтерме саудагерлерден тікелей сатып алу, сауда үстемақыларын асыра көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, заңсыз алынған табыс көлеміне пара-пар айыппұлдар қолдану, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірледі», – Қаржы мониторингі ресми ақпаратынан.

Следите за новостями Taspanews