Ақтөбе перзентханасында нәрестені сатып жіберген
Фото: Depositphotos
Ақтөбе қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта туған ана баласын өзгелерге тапсырған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Криминальный Казахстан ақпаратына сілтеме жасап.
Перзентті болған ана баласын бірнеше уақыт өткен соң бейтаныс адамға берген. Осы бойынша дәрігерлер де күдікті атанды.
Ақтөбе облысы полициясының мәліметіне сай, перзентханада бала сату бойынша тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен қатыстылар анықталады.