Ақтөбе зауытындағы жанжал қорытындысы белгілі

Фото: Pexels

Екі қызметкер арасындағы жанжал Ақтөбедегі зауытта екі бөтелке арақ ішкеннен кейін басталды, –деп хабарлайды Taspanews.kz Диапозонға сілтеме жасап. Олардың бірі әріптесін шашынан ұстап, пышақпен мойнын екі рет жарақаттаған.


Жәбірленуші саспай, өлім құшқандай кейіп танытқан. Шабуылдаушы оқиға орнынан шегінуге асыққан. Ал зардап шеккен қызметкер 112-ні теріп, жараны алақанымен басып, дәрігерлерді күткен.


Айыпталушы 41 жаста. Ол кісі өлтіруді жоспарламағанын және тек әріптесіне сабақ бергісі келгенін және темекі алуға шыққанын айтты. Дүкеннен оралғанда полиция мен жедел жәрдемді байқаған. Ол жазаны жұмсақ түрге ауыстыруды сұрады.


Қылмыскер зардап шегуші тарабымен кешірілді, алайда сот оны кісі өлтіруге оқталғаны үшін үкім шығарды және оны 11 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберді.