Ақтөбеде 17 жастағы қызды пойыз қағып кетті

Фото: Pexels

Қайғылы оқиға «Ақтөбе-Жеңішке» желісінің теміржол өткелінде болды, деп хабарлайды Taspanews.kz «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап. Қыз аман қалды, бірақ жарақат алды. Оған бірнеше ота жасалады.


Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер Гүлнұр Құрманбаеваның айтуынша, апатқа қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған - бойжеткен темір жолды тыйым салынған жерден кесіп өткен.


Құрманбаева темір жолдарды дұрыс емес жерлерден кесіп өтуге жол берілмейтінін және қауіптілігін еске салды.