Ақтөбеде 22 жасар бала есірткімен ұсталды

 Polisia.kz фото на taspanews.kz от 21 января 2025 10:42
Фото: Polisia.kz

14 қаңтар күні Ақтөбе полициясы есірткі құралдарын заңсыз сақтау бойынша 22 жасар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Іздеу барысында оның қалтасыныан 25 орам табылды. Ішінде ұнтақ тәріздес ақ түсті зат болды. Сараптама нәтижесінде күдікті өзімен бірге мефедрон есірткісін алып жүргені анықталды. Өзінің айтуы бойынша, Telegram арнасы арқылы ол жаңа жұмыс тауып, есірткіні қаланың әр жерінде қалдыруға келісті. Үш күн ішінде 54 жерге есірткі қалдырғаны анықталды.


Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторында. Мұндай қылмыс түріне барғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Следите за новостями Taspanews