Ақтөбеде асфальт төселген тұйық көшелердің бірінде жаяу жүру мүмкін емес болып қалды
Фото: Диапазон
Ақтөбе қаласы Мәскеу ауданындағы тұйықталған көшелердің бірінде асфальт төселген соң халықтың жүріп-тұруы қиындады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Диапазон сайтына сілтеме жасап.
Алыс атты тұйықталған көшеде 1 жыл бұрын асфальт төселді. Алайда, көше кішігірім болғандықтан, оған тротуар сыймай қалды.
Осыдан соң, тұрғындар арнайы жылдамдық бәсеңдеткіш орнатуын сұрады. Алайда, бұл үшін белгіленген жерде мектеп немесе балабақша болу керек екені айтылды.
Қала әкімдігі тұрғындар өздігімен жол белгілерін қоя алмайтынын айтты. Кез-келген өзгеріс енгізу үшін олар полицияның жол-техникалық инспекциясына жолығу керек.