Ақтөбеде әйел адамды кепілге алған ер адам қарт кісілерді пышақтаған

Фото: Depositphotos

Ақтөбеде әйел адамды 3 сағат бойы үйде кепілде ұстаған ер адам оның ата-анасын пышақтап, жертөлеге қамап қойған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақтөбе облысы ПД-не сілтеме жасап.


Полиция қаскүнеммен 3 сағат бойы келіссөздер жүргізгенмен, қылмыскер қызды босату үшін ешқандай талап қоймаған. Кейіннен, екеуінің таныс екені белгілі болды.


Келіссөздер нәтижесіз болғандықтан, полиция әйелдің үйіне кіріп, арнайы операция бастауға мәжбүр болды. Қыз бен жертөледе жатқан ата-анасы босатылғанмен, ер адам қарттарды пышақпен жарақаттаған.


Хабар 24 телеарнасының мәліметіне сай, әйелдің анасы ауруханаға жеткізілу барысында қаза тапты, ал әкесі ота жасалып жатқанда көз жұмды. Әйелдің өзі психологиялық травма алған. Одан бөлек, басы мен қолы пышақпен жарақаттанған.


Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.