Ақтөбеде бала терезеден құлады: жан сақтау бөліміне әкеп соққан оқиға
31 шілдеде Ақтөбедегі Есет батыр көшесінде қайғылы оқиға болды, – деп жазады Taspanews.kz "Мой город" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Бес жасар бала кешкі сағат 21:00-де көпқабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен құлады.
Бала облыстық балалар ауруханасының реанимациясына жеткізілді, онда оған шұғыл көмек көрсетілді.
Ақтөбе полиция департаменті еске салады:
- Балаларды жалғыз қалдырмай, ересектере қырағылық сақтаған жөн.
- Баспалдақ ретінде пайдалануға болатын жиһазды алып тастаңыз.
- Балкон есіктерін құлыпта ұстаңыз және балаларға сіздің бақылаусыз ашық кеңістіктерге шығуға жол бермеңіз.
- Балаларды терезелерді ашуға үйретпеңіз.
- Балалардың терезелерді өздігінен ашуын болдырмау үшін арнайы құлыптар мен блокаторларды орнатыңыз.
ТЖМ мен полицияның барлық ескертулеріне қарамастан, Қазақстанда балалардың терезеден құлауының статистикасы қайғылы оқиғалармен толықтырылуда.