Ақтөбеде баспанаға кезекте қайтыс болған адамдар тұрды

Фото: Pexels

Ақтөбе прокуратурасы тұрғын үй алу тізімінде қайтыс болған адамдардың бар екенін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегін күтуде. Олардың ішінде көпбалалы отбасыларды, жетім балаларды және қолдауды қажет ететін халықтың басқа топтарын кездестіруге болады. Прокуратура қызметкерлері жүргізген талдау барысында бұл тізімге басқа аймақтарға көшіп кеткен немесе әртүрлі себептермен баспанаға басқа мұқтаж емес жүзден астам азамат кіретінін анықтады. Сонымен қатар, қайтыс болған 11 адам тіркелді.


Прокуратура коммуналдық тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімдерін түгендеуді жергілікті органдар немқұрайлықпен жүргізді деген қорытындыға келді. Осыған байланысты прокурорлық қадағалау актісі жасалып, анықталған қателер жойылды.