Ақтөбеде бес жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап қайтыс болды
Фото: Pexels
Ақтөбеде қайғылы оқиға болды: бес жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала өз бөлмесінде ойнап жүріп, абайсызда терезеден құлап кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, – деп хабарлайды Taspanews қалалық полицияның Instagram парақшасына сілтеме жасап
Жыл басынан бері бұл кәмелетке толмағандардың терезеден құлауының жетінші оқиғасы және өліммен аяқталатын бірінші оқиға.
Ақтөбе облысының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:
- Кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
- Москит торлары балаларды құлаудан қорғамайды, сондықтан оларға қауіпсіздік құралы ретінде сенбеңіз.
- Балалардың балконға ересектердің қатысуынсыз шығуына жол бермеңіз.