Ақтөбеде қаскүнем үйге заңсыз еніп, әйел адамды кепілге алған

Фото: Диапазон

Полицияға 20:00 шамасында Ақтөбедегі жер үйлердің біріне бейтаныс адам кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабар келіп түскен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.


Қалалық ПД мәліметіне сай, қоңыраудан кейін барлық төтенше жағдай қызметтері оқиға орнына келіп жетті. Үй орналасқан аудан толықтай қоршалып, Полиция департаменті басшысы мен қала прокуроры қылмыскермен келіссөздер жүргізді.


Әйел адам босатылып, медициналық мекемеге жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды.