Ақтөбеде кепілге алынған әйел жақындарының қазасы туралы білді (ВИДЕО)
Кепілге алынған соң аман қалған әйел Ақтөбедегі ауруханадан шығарылып, ата-анасының қаза тапқанын білді, – деп хабарлайды Taspanews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
40 жастағы әйел анасы мен өгей әкесімен бірге кепілге алынғаннан бері бір аптаға жуық уақыт өтті, алайда ол ата-анасының қазасы туралы хабардар болмады.
«Ұзақ уақыт бойы туыстары оны сақтап, қайғылы оқиға туралы айтуға батылы жетпеді. Ол жақындарынан айырылғанын бүгін білді»,
Бұл қайғылы оқиға қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні Ақтөбенің шет жағында болды. 40 жастағы ер адам қарт ерлі-зайыптылардың үйіне басып кіріп, бұрынырақ өзімен бірге тұрған әйелді және оның ата-анасын кепілге алған.
Полиция қылмыскермен үш сағат бойы қызу келіссөз жүргізді, алайда ол кепілге алынғандарды босатудан бас тартты. Арнайы жасақ үйге басып кіріп, әйелді аман алып қалды. Оның анасы мен өгей әкесі жертөледен табылды. Оқиға орнында қаскүнем оларды пышақпен жарақаттағаны белгілі болды. Қарт адамдардың бірі ауруханаға барар жолда, екіншісі ота жасау кезінде қаза болды.