Ақтөбеде қылмыстар жиі жасалынған кафе бұзылады

Polisia.kz фото на taspanews.kz от 21 января 2025 19:53
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде жергілікті тұрғындардың тыныштығын бұзған "Ақшатау" кафесі заңсыз соғылған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Кафеде өткен жылдың жартысында 5 қылмыс тіркелген, 45 қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша шара қолданылды, 47 рет жергілікті тұрғындар тарапынан арыздар түскен.


Мастардың көбеюі, айналаның ластануы мен тыныштық бұзылғаннан полиция қызметкерлері бұл жерге жиі келіп тұрған.


Жергілікті атқарушы органдар мен полиция арнайы зерттеу жүргізіп, кафенің заңсыз соғылғанын анықтады. Ғимарат тұйық көшеге барар жолды жапқан. 2024 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істемейтін болған кафе сот үкімі бойынша бұзылатын болды.


Следите за новостями Taspanews