Ақтөбеде тазы өсірушілерді қолдау мақсатында қауымдастық құрылады

Фото: Pexels

Ақтөбеде өткен "Сыбаға" дәстүрлі фестивалі аясында облыс әкімі орынбасары Жолдас Батырхан тазыны баптаушыларға қолдау көрсету мақсатында арнайы қауымдастық құру жоспарланғанын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz әкімдікке сілтеме жасап.


Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Әкім бұл шара дәстүрді насихаттау мен мәдени мұра саналатын тазылардың бірегей тұқымын сақтап жүргендерге көмек беруде маңызды рөл атқаратынын айтты.


"Сыбаға" фестивалінде "Құмай тазы" көрмесі өтті. Қазақ тазыларының үздік өкілдері көрсетілді. Іс шараға Қазақстан бойынша облыстардан ит өсірушілер тартылды.


"Турнир аясында Құмай тазы аңшыларының «Салбурын» байқауы, Құмай тазы иттерінің жылдамдығы мен ептілігі сыналатын шырға тарту, құсбегілік жыртқыш құстармен аң аулау шеберлігі көрсетіліп, садақ ату турнирі өткізілді", – Ақтөбе облысы әкімдігі.