Ақтөбеде жеңілдетілген несие арқылы үйге қол жеткізуге уәде берген алаяқ ұсталды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 08 января 2025 17:55
Фото: Depositphotos

Ақтөбеде медициналық мекеме қызметкері жергілікті тұрғындарды сан соқтырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Алаяқ жалдамалы үй алып, артынан меншік иесіне айналуға болатын несие түрін ұсынып, көмектеспек болды. Әйелдің іс-әрекетінен 30 адам зардап шекті. 20 миллион теңге залал келтірілді. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.


Полиция басқа да зардап шеккендер болса, қалалық № 2 полиция бөліміне жүгінуге кеңес береді.


Еске салсақ, ұқсас жағдай бойынша 30 желтоқсанда Атырауда үй тонаған ұрылар бағалы заттарды ломбардқа өткізген.


Следите за новостями Taspanews