«Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі»: Мөлдір Әуелбекова желідегі курс сататындарды сынап тастады
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде курс сатып, конкурс жасайтындарды сынап тастады. Бұл туралы ол Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
«Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі? Instagram ашсаң бәрі ақыл айтып жатыр… Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің, мыс…Адам екі қол, екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады! Жұмыс істе, кәсіп қыл! Қалғаны бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме! Шаршамадыңдар ма? Кішкене бір кідірсеңдерші!», – деп жазды ол.
Пост из социальной сети