Алаяқтар өздерін Батыс Қазақстан облысының әкімімін деп таныстыра бастады

Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі WhatsApp мессенджері арқылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған ақпараттық хаттар таралып жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Taspanews.


«Алаяқтар облыс басшысына тиесілі емес нөмірді көрсетеді. Бұл хабарламалардың жалған екенін ескеріңіз». БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ әкімдік жіберілген хабарламаларға сенбеуге және «ешқандай жағдайда күдікті сілтемелерді баспауға» шақырды.