Алаяқтыққа тап болған азамат дропперлердің жазалануына қол жеткізді

Depositphotos фото на taspanews.kz от 08 января 2025 16:40
Фото: Depositphotos

Қостанай облысында ақшалай алаяқтық құрбаны болған әйел адам дропперлерден негізсіз баюды өндіріп алуды сұрап, сотқа жүгінген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Жоғарғы Сотына сілтеме жасап.


Қостанай облысы, Қарабалық аудандық сотында 19 жасар екі дропперге қатысты іс қаралды. Талап қоюшы олардың әрқайсынан 9 млн теңгеден астам ақша өндіріп алуды сұраған. Біріншісі дроппер барлық ақшаны алаяқ көрсеткен есепшоттарға жібергенін және негізсіз баюдың болмағанын айтқан. Екіншісі, өз есепшоты арқылы ақшалар жіберіліп жатқанын білмегенін түсіндірді, алайда, оның өздігімен мобильді қосымшада биометрикалық тексеруді өткендігі мен СМС хабарламаны тергендігі анықталды.


Сот негізсіз баюдың болуы орын алғанын растап, талап қоюшы арызын қанағаттандырды.


Следите за новостями Taspanews