Әлеуметтік желіде ұлттық алауыздықты қоздыру бойынша айыпталған азамат ісі сотта қаралды

Фото: Freepik
Алматы қаласы, Наурызбай аудандық сотында әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы ұлттық алауыздық қоздырды деп айыпталған азаматқа қатысты іс қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы соттарына сілтеме жасап.
Іс қылмыстық кодекстің 174 бабы, 1 бөлігі бойынша қаралды.
34 мыңнан астам оқырманы бар парақшаны басқарған азамат басқа ұлт өкілдерінің абыройы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған, балағат сөздермен жазылған мәтіні бар музыканы пайдаланып, пост жариялаған.
Сотталушының күнәсі іс материалдарымен, психологиялық және физиологиялық сараптамалар және жауап алу хаттамаларымен, заттай дәлелдемелермен расталды.
Парақшаны жүргізген азамат күнәсін мойындамады. Сот тараптарды тыңдап, іс материалдарын зерттеп, сотталушыны күнәлі таныды.
«Қылмыстық Кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша жаза 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сот шешім шығарған кезде, сотталушының бұрын сотталмағаны ескерілді, алайда ол өз құқыққа қайшы әрекеті үшін өкініш білдірмеген. Осылайша, сот сотталушыны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазамен бас бостандығынан айырумен байланысты емес 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады»,