Әлеуметтік желідегі бейнероликтен кейін қылмыстық іс қозғалды
Фото: Қаскелен ПД-і
Қаскеленнің жергілікті құқық қорғау қызметі әлеуметтік желілер мониторингі арқасында екі бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы облыстық ПД-на сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, ғаламторда тараған видеода 20 қыркүйекте болған төбелеске қатысқан жастар түсіп қалған.
Полиция бұзақылардың жеке басын анықтап, ұстады. Қылмыстық іс қозғалды.
Жанжалдың себебі анықталуда.