Алимент төлемегендердің орнына мемлекет төлем жасамайтын болды

Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын ашу идеясынан бас тартылды. ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, мұндай бастама ел бюджетіне тым ауыр тиіп, әлеуметтік тұрғыдан салдарға әкелуі мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Министр егер де мемлекет ата-аналардың орнына алимент төлей бастаса, жауапкершікті басшылыққа артып қоятындардың көбею қаупі бар екенін айтты. Бұған дейін ата-анасы төлемнен жалтарса, алимент уақытша төленетін қор құру мәселесі бірнеше рет көтерілген. Алайда, талқылаулардан кейін бұл ұсыныс іс жүзінде мүмкін болмайтын болып танылды.
Әзірге құзырлы органдар ұсынған жалғыз шешім – жеке сот орындаушылары арқылы қарызды өндіру.
Әділет министрлігінің мәліметіне сай, Қазақстанда 200 мыңнан астам ата-ана алимент төлеуші ретінде тіркелген. Олардың 60 пайызға жуығы жүйелі түрде қаражат төлемей келуде.