Алимент төлемегендердің орнына мемлекет төлем жасамайтын болды

Фото: Freepik

Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын ашу идеясынан бас тартылды. ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, мұндай бастама ел бюджетіне тым ауыр тиіп, әлеуметтік тұрғыдан салдарға әкелуі мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Министр егер де мемлекет ата-аналардың орнына алимент төлей бастаса, жауапкершікті басшылыққа артып қоятындардың көбею қаупі бар екенін айтты. Бұған дейін ата-анасы төлемнен жалтарса, алимент уақытша төленетін қор құру мәселесі бірнеше рет көтерілген. Алайда, талқылаулардан кейін бұл ұсыныс іс жүзінде мүмкін болмайтын болып танылды.


Әзірге құзырлы органдар ұсынған жалғыз шешім – жеке сот орындаушылары арқылы қарызды өндіру.


Әділет министрлігінің мәліметіне сай, Қазақстанда 200 мыңнан астам ата-ана алимент төлеуші ​​ретінде тіркелген. Олардың 60 пайызға жуығы жүйелі түрде қаражат төлемей келуде.