Алиментті әжесі төлейді: Батыс Қазақстан облысындағы жағдай

Алиментті әжесі төлейді: Батыс Қазақстан облысындағы жағдай фото на taspanews.kz от 28 июня 2024 13:29
Фото: Pexels

Батыс Қазақстанда сот әдеттен тыс шешім қабылдауға мәжбүр болды. Алиментті төлеу жалтарған әкесіне емес, баланың әжесіне міндеттелді, - деп хабарлайды kaztaspanews.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап.


Бес миллион теңгеге жеткен алименттік қарыз бойынша сот орындаушысының хабарламаларын елемеген әкенің ісі сотпен аяқталды. Сот баланы қорғап, алимент төлемдерінің ауыртпалығын әжесіне ауыстырды.


Аймақтық Әділет департаменті ата-аналар өз міндеттерінен жалтарған кезде, олардың жүгі баланың атасы мен әжесіне бекітілуі мүмкін екенін атап өтті. Заңнамаға сілтеме жасай отырып, ведомство өкілдері балалардың мүдделері әрқашан заңмен қорғалатынын еске салды.  


Следите за новостями Taspanews