Алқа билер тобы жол апатынан 2 адамды қаза еткен жүргізушіге сот жүргізді

Фото: ДП

Самара-Шымкент тас жолында газель мен минивеннің соқтығысуы бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz  Диапазонға сілтеме жасап.


Жол апатына себепші болған адамның ісін алқа билер тобы қарастырды. 29 жасар Газель жүргізушісіне ауыр салдарға әкелген қылмысы үшін күнә тағылды. Сот 5 жылға бас бостандығынан айыру мен 7 жылға көлік жүргізу құқығын болдырмау бойынша жаза тағайындады.


Еске салсақ, 10 сәуірде Самара-Шымкент тас жолы, Ақжар ауылы маңында Газель Toyota Alphard минивеніне соқтығысты. Газель бірден өртеніп, жалын минивенге тарап кетті. Toyota Alphard жүргізушісін бірден күйік шалып, қаза тапты. Ал ішіндегі бір жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханада 1 апта емделгеннен нәтиже болмай, қаза болды.