Алматы әкімі Қытай банкінің президентімен метро жобасын қаржыландыруды талқылады

Фото: Depositphotos

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында China Exim Bank президенті Ван Чуньинмен кездесті, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Келіссөздер қаланың метро желісін кеңейтуге арналған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесіне арналды.


Ван Чуньин Exim Bank банкінің Қазақстанда 16 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және жол-көлік инфрақұрылымы жобаларын қолдауға мүдделі екенін айтты. Тараптар серіктестікті нығайту үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.